Ислам революциясының жетекшісі аятолла Моусави Ардебилидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
(last modified Thu, 24 Nov 2016 09:01:52 GMT )
Қар 24, 2016 15:01 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі аятолла Моусави Ардебилидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Иран Ислам революциясының жетекшісі діни еліктеу үлгілерінің бірі аятолла қажы сейіт Абдолкарим Моусави Ардебилидің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Хазірет аятолла Хаменеидің аятолла Моусави Ардебилидің қайтыс болуына байланысты жолдаған көңіл айту хатында: "Аятолла Моусави Ардебили ғылыми және фикх саласындағы  талпыныстарымен қатар, ауыр кезеңдерде Ислам Республикасының Жоғарғы Сот билігін басқарды. Имам Хомейнидің көзі тірісінде орын алған барлық оқиғалар кезінде Иранның көрнекті белсенді тұлғалары мен қызметкерлерінің бірі болды. Мәдени жұмыстар, жоғарғы мектеп пен университеттің негізін қалау да марқұм аятолла Моусави Ардебилидің жемісті өмірінің маңызды беттерін құрайды" деп жазылған.

Бірнеше күн бұрын жүрек пен ас қорыту жүйесіндегі ауруының асқынуына байланысты Теһранның ауруханаларының бірінде төсек тартып жатқан аятолла сейіт Абдолкарим Моусави Ардебили сәрсенбі күні қайтыс болды.

ИИР президенті Хасан Рухани да аятолла Моусави Ардебилидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, бейсенбі және жұма күндерін Иранда қаралы күн деп жариялады.

 

Тегтер