Иранда екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 44 адам қаза болып, 82 адам жараланды
https://itolqyn.com/news/iran-i18610-Иранда_екі_пойыздың_соқтығысуы_салдарынан_44_адам_қаза_болып_82_адам_жараланды
Иранның Жедел жәрдем қызметінің басшысы Семнандағы темір жол апатына қатысты құтқару жұмыстарының аяқталғанын айтып, қаза болғандардың санын 44 адам деп жариялады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 26, 2016 17:15 Asia/Almaty
  • Иранда екі пойыздың соқтығысуы салдарынан  44 адам қаза болып, 82 адам жараланды

Иранның Жедел жәрдем қызметінің басшысы Семнандағы темір жол апатына қатысты құтқару жұмыстарының аяқталғанын айтып, қаза болғандардың санын 44 адам деп жариялады.

ИСНА-ның хабарлауынша, доктор Пирхосейн Куливанд осы оқиға жайлы: "Семнанда орын алған темір жол апатына қатысты «Хафтхан» бекетіндегі құтқару және жедел көмек көрсету жұмыстары аяқталды. Апатта қаза болғандардың саны 44 адамға жетті" деді.

Елдің Жедел жәрдем қызметінің қоғамдық қатынастар басқармасының мәлімдеуінше, доктор Куливанд бұл апатта 82 адамның зардап шеккенін, соның ішінде 17 адамның ауруханада жатқанын, қалғандарының емделіп шықанын айтты.