Рухани: Имам Хомейни - Иран тарихындағы ерекше тұлға
ИИР президенті: "Хазірет имам Хомейни Иран тарихында еркеше тұлға болды. Хазіреттің жолы мен қағидалары Иран халқы үшін әрдайым тура жолды нұсқайтын болады" деді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани бүгін жексенбі күні Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің кесенесінде хазіреттің арман-мақсаттарына адал екендіктеріне серт беру рәсімінен кейін сөйлеген сөзінде: «Хазірет имам Хомейнидің Иранға қайтып оралуы исламдық отанымыздың тарихындағы есте қаларлық күн болды.
Имам Хомейнидің батырлығы, билеп- төстеушілер мен алпауыт елдердің алдындағы қарсыласуы, соғыс пен бейбітшіліктегі ерлігі мен Ирандағы басқыншылық соғыстан кейінгі жаңа жағдайды іске асыруы барша үшін сабақ аларлық оқиға болды.
Имам Хомейни алпауыт елдер дінге мән бермей, діннің дәурені аяқталды деп ойлаған кезеңде оларға иман мен діннің күш- қуатын көрсетіп, үлкен төңкеріс пен қозғалысты нәтижеге жеткізді» деді.
ИИР президенті алдағы Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісіне арналып өтетін сайлауларға сілтеме жасап: «Егер осыдан екі жыл бұрын халық дауыс беру орындарына келмегенде бүгінде ядролық келіссөзде жеңіске жетпес едік, санкциялардың күші жойылмаған болар еді» деді.