Зангане: Оңтүстік Кореяға шикі мұнайдың экспорты екі есеге ұлғаяды
Ақп 29, 2016 21:47 Asia/Almaty
Иранның Мұнай министрі Иранның Оңтүстік Кореяға шикі мұнай экспортының күніне 200000 баррельден астамға ұлғаятынын хабарлады.
Бижан Намдар Зангане Оңтүстік Кореяның Өнеркәсіп, сауда және энергия министрі Джо Хионг Хуанмен кездесуден кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Оңтүстік Кореяның Ираннан мұнай импортының қазіргі көлемі шамамен 100000 баррель болып табылады. Осы мөлшер қазіргі көрсеткіштен екі еседен астамға жетеді деген үміт бар» деді. Зангане Оңтүстік Кореяға мұнай сатуды Оңтүстік Кореяның Өнеркәсіп, сауда және энергия министрімен сұхбаттасудың өзкеті тақырыптарының бірі деп атады.
Тегтер