Бүгін – Иран армиясы Теңіз күштерінің күні
(last modified Sun, 27 Nov 2016 09:20:00 GMT )
Қар 27, 2016 15:20 Asia/Almaty
  • Бүгін – Иран армиясы Теңіз күштерінің күні

Азар айының жетісі (қараша айының жиырма жетісі) зымыран атқыш «Пейкан» кемесінің экипажы ерлік жасаған күнінің жылдығына орай «ИИР армиясы Теңіз күштерінің күні» деп аталған.

Азар айының жетісі (қараша айының жиырма жетісі) күні зымыран атқыш «Пейкан»  кемесінің экипажы «Морварид» атты  әскери амалдар барысында есте қаларлық ерлік жасап, Ирактың «әл-Бекр» және «әл-Умие» мұнай экспорттаушы терминалдарына шабуыл жасап, осы терминалдардың екіден үш бөлігінен көбін жойып, сол жерлердегі ең биік мұнараларда Иранның туын желбіретті.

Осы амалдардан кейін «баастық» дұшпан 1980 жылдың қараша айының жиырма сегізі күні аймақ елдерінің логистикалық және ақпараттық қолдауымен әрі үстемшіл елдердің тыңшылық ұшақтары мен жерсеріктерінің көмегімен өздерінің терминалдарын қайтарып алуға күш салды. Зымыран атқыш «Пейкан» кемесі жалғыз өзі Ирактың бірнеше кемесі мен ұшағын жойды. 

Иран армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хабибулла Сайяри сенбі күні осы күштердің қолбасшыларының басқосуында: «Теңіз күштері осы күнге дейін 44 кемелер тобын халықаралық суларға жіберді. Алғаш рет осы кемелердің тобы Атлант мұхитын кесіп өтіп, Оңтүстік Африка республикасының Дурбан портында айлақтап, осы негізде Аден шығанағы мен Үнді мұхитының солтүстігінде  қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды»,-деп мәлімдеді.