Бригада генералы Салами: «Басидж» сөзі Иранның шекараларынан асып кеткен
(last modified Sun, 27 Nov 2016 16:58:49 GMT )
Қар 27, 2016 22:58 Asia/Almaty
  • Бригада генералы Салами: «Басидж» сөзі Иранның шекараларынан асып кеткен

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары: ««Басидж» сөзі Иранның шекараларынан асып кеткен. Оны ислам әлемінің түкпір- түкпірінен байқауға болады» деді.

Иран ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы Хосейн Салами Иранның үшінші арнасына берген сұхбатында: «Хезболла күштерінің Ливандағы күрестері мен Сирия, Ирак және әлемнің өзге аймақтарындағы қарсыласу «басидждың» ислам әлеміндегі шекараларын кеңейтіп жатқанын көрсетті» деді.

Бригада генералы Салами «басидж» идеясының шекаралардың сыртына таралуына сілтеме жасап, «басиджды» ислам революциясының диалогын таратушы деп атады.

Бригада генералы Салами Ирактың Хилла қаласындағы ДАИШ- тің лаңкестік амалдары мен соның салдарынан бір топ ирандық зияратшының шәһид болуы туралы: «Соғыс алаңынан тыс амалдар ДАИШ- тың исламдық жүйе мен қарсыласу майданынан жеңілуіне көрсеткен реакциясы болып табылады» деді.

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары ДАИШ лаңкестік тобын Америка мен оның одақтастарының адамдары деп атап: «Иранның қарсыласу ағымын ақыл-кеңес берумен қолдауы жалғасуда. Лаңкестерге соғыс алаңында жауап қайтарылатын болады» деп ескертті.