Революция жетекшісінің Иран Армиясы теңіз күштерінің қолбасшыларымен кездесуінде жасаған баяндамасы
Ислам революциясының жетекшісі АҚШ Конгресіне уақыты аяқталған санкцияларды қайтадан күшіне енгізудің міндеттерді бұзу болып саналатынын ескертті.
Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні ИИР Армиясы Теңіз күштерінің күніне орай осы күштердің басшыларын қабылдауында ядролық келіссөздер мен АҚШ Конгресінің санкцияларды ұзартып, бұл әрекетін "санкция салу емес, тек ұзарту" деп атауына тоқталып: "Бір санкцияны салудың уақыты аяқталған санкцияны қайта ұзартудан еш айырмашылығы жоқ. Екіншісі де қарсы тараптың бұрынғы міндеттерін бұзушылық болып саналады" деді.
Хазірет аятолла Хаменеи сонымен қатар Иран теңіз күштерінің адам күші, жетекшілік ету және техникалық тұрғыдағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін мақтауға тұрарлық деп сипаттап, жоспарларды соңына дейін жеткізудің маңыздылығы және жұмыстардағы тұрақтылық пен асығыстықтан аулақ болуды қуаттап, кемшіліктердің орнын толтыру үшін қажетті нәрсе биік мақсаттар мен шектеулердің алдында тізе бүкпеу екенін еске салды.
Үш биліктің басшысы кейбір елдердің дамуындағы кеме жүргізу өнеркәсібінің маңыздылығына тоқталып: "Иран ұзақ теңіз шекаралары мен кеме жүргізу өнеркәсібінде мол тәжірибеге ие. Сол себепті Ислам Республикасының теңіз күштерінің күш-құдіреті мен мүмкіндіктері исламдық жүйе мен осы елдің тарихының тепе-теңдігін сақтап, оның мақтанышына айналуы керек" деді.
Ислам революциясының жетекшісі сонымен қатар қарулы теңіз күштерінің азат сулардағы құзырын Иранның күш-құдіреті мен мүмкіндіктерінің артуына себеп болатынын айтып, азат сулардағы құзырды арттыру керектігін баса айтты.