Аятолла Амоли Лариджани: Халық әлем елдеріне діни демократияны тағы да паш етті
Иран Сот органының төрағасы Иран халқының 26 қаңтар күнгі сайлауларға салтанатты түрде қатысу арқылы әлемнің бүкіл елдеріне діни демократияны тағы көрсеткендіктерін мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сот органының төрағасы аятолла Амоли Лариджани дүйсенбі күні осы органның жоғары лауазымды тұлғаларымен өткізген жиналысында саяси және илаһи үлкен сынақ ретінде болған сайлаулардағы Иранның ұлы халқының қол жеткізген жеңісі және үстем болған мерейімен құттықтап: «Аймақтың қазіргі қауіпті жағдайын назарға алсақ, бұл сайлаулар салауатты, қауіпсіз әрі тыныш кеңістікте халықтың кең көлемде қатысуымен өтті. Халық өздерінің айбынын, мықтылығын, абыройы мен ғиззатын, тәуелсіздігін, сондай-ақ, Иран Ислам республикасының жүйесіне табанды екендіктерін тағы дәлелдеді.
Бұл айлар бойы әлем мен Иранды жағымсыз жарнамамен төпелеп, жүйеге қастық ойлаушылардың барлығы үшін өте үлкен жолдау болды. Жүйеге жамандық ойлаушылар халықты үмітсіздендіруді көздеп отырған қазіргі жағдайда халық сайлау учаскелеріне кең түрде келу арқылы Ислам республикасының жүйесіне адалдықтарын және революцияның биік мақсаттарын көздейтіндіктерін және соған табандылық танытатындықтарын көрсетті»,-деді.