Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлаудың екінші кезеңінде 140 үміткер 70 орын үшін бәсекеге түседі
https://itolqyn.com/news/iran-i1891
Иран Ішкі істер министрінің орынбасары Ислам Кеңесі Мәжілісінің оныншы шақырылымына сайлаудың екінші кезеңінде 140 үміткердің 70 орын үшін бәсекеге түсетінін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 01, 2016 15:54 Asia/Almaty
  • Ислам Кеңесі Мәжілісіне сайлаудың екінші кезеңінде 140 үміткер 70 орын үшін бәсекеге түседі

Иран Ішкі істер министрінің орынбасары Ислам Кеңесі Мәжілісінің оныншы шақырылымына сайлаудың екінші кезеңінде 140 үміткердің 70 орын үшін бәсекеге түсетінін хабарлады.

Хосейнали Амири дүйсенбі күні кешке Иранның 1-арнасының «Хабар 21» бағдарламасына берген сұхбатында: «Мәжілістегі 290 орынның 220-сының жағдайы халықтың дауысымен анықталды. 70 орынның иелері сайлаудың екінші кезеңінде анықталады. Екінші кезең сәуір айының басында өткізілуі ықтимал. Мәжілістің оныншы шақырылымына жол тартқан 220 өкілдің 208-і ер адам, ал 12-сі әйел адам болып табылады»,-деді.

Иран Ішкі істер министрлігінің ақпарат хатшысы Мәжіліске сайлаудың осы кезеңінде халықтың қатысу көлемінің басқа кезеңдермен салыстырғанда артқанына тоқталып: «Мәжілістің оныншы шақырылымының сайлауына ел бойынша 34 млн адам қатысты. Дауыс беру санының 4 млн адамға артқанына куә болып отырмыз. Иран бойынша осы сайлауға қатысу деңгейі 62 пайызды құрады»,-деді.

Амири Эксперттер кеңесінде 88 орынның барын айтып, бір облыстан басқа елдегі 30 облыста сайлау қорытындысының жарияланғанын мәлімдеді.