Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Өкілдер және Сенат палаталарында Иранға қарсы санкцияларды ұзарту жобасының бекітілуін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әшкере түрде бұзу деп атады.
Аятолла Мұхаммадәли Моваххеди Кермани Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында: «АҚШ-тың Өкілдер және Сенат палаталарында Иранға қарсы санкцияларды 10 жылға ұзарту жобасының бекітілуі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әшкере түрде бұзу болып табылады. Иранның бұған қатысты қатаң реакция білдіретіндігі анық.
Бұл санкциялар қарсы тараптың міндеттемелерді бұзып, АҚШ-тың сенімсіздік тудырып, қылмыс жасап, уәде бұзып отырғанын көрсетеді»,-деді.
Моваххеди Кермани АҚШ-тан дұшпандықтан басқа ештеңе күтілмейтінін айтып: «Иран АҚШ-тың уәдеге тұрақсыздығы мен өтірік айтуынан жалықты. Сондықтан оның шараларына қатаң түрде қарсы тұрады»,-деп баса айтты.
Ол кісі сөзінің жалғасында Сауд Арабиясының Мина оқиғасындағы қылмыстарының ұмытылмайтынын айтып: «Мина апаты мен саудиялықтардың қылмыстары әртүрлі қырынан қарастырылып, Сауд әулетінің қажылық рәсімдерін басқарудағы біліксіздігі жария етілуі тиіс»,-деп қуаттады.
Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ, Ирак пен Сирия армиялары мен халықтық күштерінің ДАИШ лаңкестік тобымен күрестегі жетістіктеріне тоқталып: «Бұл сәттіліктер жапа шеккен жазықсыз халықтың осы лаңкестік топтың қолынан азат етілуіне себеп болды»,-деді.