Рухани Иранның келер жылғы бюджетінің жобасын Мәжіліске ұсынды
(last modified Sun, 04 Dec 2016 13:36:01 GMT )
Жел 04, 2016 19:36 Asia/Almaty
  • Рухани Иранның келер жылғы бюджетінің жобасын Мәжіліске ұсынды

ИИР Президенті елдің келер жылғы бюджетінің жобасын Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасына ұсынды.

ИИР Президенті Хасан Рухани жексенбі күні таңертең Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық жиналысына елдің жалпы бюджетінің жобасын ұсыну мақсатында қатысып, даму бағдарламасының жалпы саясаттары аясында Иранның даму деңгейі мен егжей-тегжейін түсіндірді.

Рухани, сондай-ақ, Мәжіліс депутаттарына Иранның келер жылғы бюджетінің маңызды ерекшеліктері мен тәсілдерін түсіндіріп:

"Даму бағдарламасының жалпы саясаттарында белгіленген 8 пайыздық экономикалық өсім макроэкономикада тұрақтылық орнату арқылы ғана жүзеге асырылады. 

Иран үкіметі  үш жылға жуық уақыт ішінде 40 пайыздан жоғары инфляцияны 10 пайыздан төмен деңгейге жеткізе алды»,-деді.