Рухани: АҚШ Конгресінің шешімі "Ортақ қадам" келісімін бұзу болып табылады
ИИР президенті ИИР-ның "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасын орындау жолындағы кез- келген уәдеге тұрмаушылық пен кідіріс, кешіктіру немесе салғырттыққа қарсы батыл қатынас көрсететінін мәлімдеді.
ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні ислам кеңесі мәжілісінің ашық отырысында келесі жылғы бюджет жобасын парламент депутаттарына ұсыну рәсімінде Иранның ешқашан "ортақ қадам" келісімін бірінші болып бұзбайтынын мәлімдеп: «Иран "Ортақ қадам" келісімін бұзуға қатысты тиісті жауап қайтарады, өйткені АҚШ Конгресінің жуықтағы шешімі "Ортақ қадам" келісімін бұзу болып табылады, әрі оның принциптеріне қайшы» деді.
Рухани "Ортақ қадам" келісімін «ұтыс- ұтыс» келісімі деп атап: «Иран халықаралық әріптестіктерді өрістетуді өзінің хақысы санап, осы негізде ешбір елден рұқсат сұрамайды» деді.
Рухани «Д'Амато" атты санкциялар заңының АҚШ Конгресінде бекітілуіне сілтеме жасап, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің есептерінің Иран ислам республикасының "Ортақ қадам" келісімі күшіне енген кезден бері өз міндеттемелерін орындағанын көрсеткенін қуаттап: «"Ортақ қадам" келісімі БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесі де оны растаған халықаралық құжат болып табылады. Оны нақты орындау барлық тараптарды үлкен табыстарға жеткізеді» деді.