Теһранда Иран мен Индонезияның парламент төрағалары ақпарат отырысын өткізді
Иран Мәжілісінің төрағасы мен Индонезия халықтық консультативті ассамблеясының төрағасы лаңкестікпен күрес саласында және Таяу Шығыс аймағындағы дағдарыстарды шешуде ислам елдерінің ынтымақтастығын кеңейтуді қуаттады.
Иран Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Теһранда Индонезия халықтық консультативті ассамблеясының төрағасы Хасан Зулкифлимен өткізген ортақ ақпарат отырысында Индонезияны ислам әлеміндегі өте ықпалды да үлкен ел деп атап, екі елдің әрдайым жақын қарым-қатынасқа ие болғанын мәлімдеп: «Ислам елдері пікірлесіп, лаңкестік топтардың белсенділігінің алдын алуы керек» деді.
Индонезия халықтық консультативті ассамблеясының төрағасы да отырыста сөйлеген сөзінде Индонезияның Таяу Шығыстағы ең ықпалды елдердің бірі ретінде Иран ислам республикасынан аймақ дағдарыстарын шешуге және лаңкестікпен күресуге талпыныс жасауды сұрайтынын айтты. Ол сондай-ақ Индонезияның газға мұқтаж екендігін, сонымен қатар күніне 2,5 млн баррель мұнайды қажет ететіндігін мәлімдеп, өз елінің осы негізде Иранмен байланыстарды кеңейтуді қажет ететінін баса айтты.