Лариджани: Аймақтағы қақтығыстар сионистік режимнің жобалары
(last modified Tue, 06 Dec 2016 09:46:47 GMT )
Жел 06, 2016 15:46 Asia/Almaty
  • Лариджани: Аймақтағы қақтығыстар сионистік режимнің жобалары

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы аймақтағы қақтығыстарды исламдық елдердің күш-қуатын әлсіретуді көздейтін сионистік режимнің жобаларының салдары деп атады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Индонезия халықтық консультативті ассамблеясының төрағасы Хасан Зулкифлимен Теһрандағы кездесуінде: «Йеменнің қорғансыз халқына қарсы әскери шабуыл сынды қате саясат дағдарысты күшейтті. Бұл сионистік режимнің мүддесіне сай болды. Лаңкестік топтардың әрекеттері мен шетелдік әсери араласушылықтар лаңкестікті нығайтып, аймақтағы қиындықтардың жалғасуына себеп болады»,- деді. Ол сонымен бірге саяси келіссөздерді Мьянамадан басталып, Батыс Азияға дейін таралған, дағдарыстарды аяқтайтын жалғыз жол екенін айтып, Иранның аймақтағы  дағдарыстарды тек келіссөздер арқылы шешуге болады деп санайтынын қуаттады.

Индонезия халықтық консультативті ассамблеясының төрағасы Хасан Зулкифли де  бұл кездесуде Иранды маңызды әрі әлем мен аймақтағы ықпалды мемлекет деп атап: «Аймақтың маңызды мәселелеріндегі Иранның ерекше рөлі аймақта бебйтішілік пен тұрақтылық орнатуға көмектеседі. Сионистік режим мен әлемдегі исламның дұшпандары исламдық өркениетке нұқсан келтіруді мақсат етеді. Сондықтан ислам елдері қырағылықтарын арттыруы керек»,- деді.