Хасан Рухани Иран мен Индонезия қарым-қатынастарын кеңейтуді қуаттады
(last modified Wed, 07 Dec 2016 09:29:38 GMT )
Жел 07, 2016 15:29 Asia/Almaty
  • Хасан Рухани Иран мен Индонезия қарым-қатынастарын кеңейтуді қуаттады

ИИР Президенті Иран мен Индонезия арасындағы ынтымақтастықтар мен қарым-қатынастарды дамытудың қажеттігі мен екі елдің лаңкестікке қарсы күрес пен ислам әлемінің мәселелерін шешу саласындағы ынтымақтастық жасауын қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні  Индонезия халықтық консультативті ассамблеясының төрағасы Хасан Зулкифлимен Теһрандағы кездесуінде: «Иран мен Индонезия әртүрлі экономикалық салалардағы қарым-қатынастарды кеңейту үшін жақсы мүмкіндіктерге ие. Сондықтан оларды екі елдің әртүрлі салалардағы, соның ішінде мұнай мен газ және инженерлік қызмет көрсететін компанияларының ортақ жұмыстары мен ынтымақтастықтарын дамыту үшін пайдалануға болады. Қазіргі кезде  өкінішке орай, ислам елдерінің көбі, соның ішінде Йемен, Сирия мен Ирак тұрақсыздық пен көптеген қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Барша бұл елдерге қауіпсіздікті қайтаруға талпыныс жасауымыз керек»,- деді.

Индонезия халықтық консультативті ассамблеясының төрағасы Хасан Зулкифли де бұл кездесуде Теһран-Джакарта арасындағы жан-жақты қарым-қатынастарды кеңейтуді қуаттап: «Иран мен Индонезия екі үлкен ислам мемлекеті ретінде өз мүмкіндіктерін пайдаланып, сауда және экономикалық қарым-қатынастар деңгейін көтере алады»,- деді.