Ислам революциясының жетекшісі Басидж ұйымының басшысын тағайындады
Ислам революциясының жетекшісі қаулы қабылдап, бригада генералы Ғоламхосейн Ғейбпарварды Басидж ұйымының басшысы әрі Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары лауазымына тағайындады.
Хазірет аятолла Хаменеи қаулыда: «Бригада генералы Мұхаммадреза Нағдидің Ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының мәдени-әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты және Сақшылар корпусы бас қолбасшысының ұсынысы бойынша, сондай-ақ, бригада генералы Ғоламхосейн Ғейбпарвардың құнды тәжірибесі мен біліктілігін ескере отырып, сардар Ғейбпарвар Басидж ұйымының басшысы әрі Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Халықтың (әсіресе жастардың) ұйымдасқан түрде қатысуын жоғарылату, Ислам революциясы үшін қажет салаларда (ғылым, мәдениет, қорғаныс пен қызмет көрсету) халықты мобилизациялауға көмектесу, барлық деңгейлерде, әсірее Басидждің штабында стратегияны анықтау және дұшпанның белсенділіктерін бақылап, ықпалының алдын алу үшін бақылау кешендерін құру, әртүрлі әлеуметтік топтардың ынтымақтастығын нығайтып, тиісті органдар арасында әріптестік пен үйлесімдікті арттыру үшін кесімді құрылым қалыптастыру жолында шаралардың атқарылатындығына үміттенеміз»,-деп жазды.