Иранның айбыны халықтың сайлауларға белсенді түрде қатысуының нәтижесі болып табылады
Иранның президент әкімшілігі бюросының төрағасы Иран халқының жуықтағы Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісінің сайлауларына жаппай қатысуын аймақ пен әлемдік әріптестіктерде Иранның айбындылығының артуына себеп болады деп бағалады.
Иранның президент әкімшілігі бюросының төрағасы Мұхаммад Наһавандиян Сыртқа хабар тарату торабының тілшісіне берген сұхбатында: «Иранға қастық ойлайтын әлемдік алпауыт елдер халықтың жаппай қолдауына ие болып отырған Иран сияқты жүйелердің сенімдірек екенін білуі тиіс» деді.
Наһавандиян Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісіне сайлаулардың таза және толық қауіпсіздікте өткендігіне сілтеме жасап: «Осы маңызды оқиға барлық халықаралық айдындардағы келіссөздерде Иранның күш- қуатын арттырады. Жауыздардың исламдық Иранға қарсы жасаған орынсыз мәлімдемелері сайлауға халықтың жаппай қатысуының нәтижесінде мансұқ болды.
Экономика саласындағы халықаралық беделді органдардың сараптауы бойынша исламдық Иран алдағы он жылдықта әлемде жаңадан пайда болған экономикалар арасында көп үміт күттіретін ел болмақ» деді.