Қарулы күштері бас штабының орынбасары Парсы Шығанағында Иранға қоқан-лоққы жасаушыларға ескерту жасады
(last modified Sun, 11 Dec 2016 02:23:47 GMT )
Жел 11, 2016 08:23 Asia/Almaty
  • Қарулы күштері бас штабының орынбасары Парсы Шығанағында Иранға қоқан-лоққы жасаушыларға ескерту жасады

ИИР Қарулы күштері бас штабының орынбасары Парсы Шығанағында қоқан-лоққы жасаушыларға ирандық қарулы күштердің қорғаныс пен қауіпсіздік негізінде шынайы екендігін, олардың Иранның қауіпсіздігіне қауіп төндіруді көздейтін кез- келген шараға кесімді жауап беретінін қуаттады.

Иран Қарулы күштері бас штабының мәдени және қорғаныстық насихаттар бөлімі бойынша орынбасары бригада генералы сейіт Масуд Джазайери Американың бір топ саясаткерлерінің негізсіз қоқан-лоққыларына көрсеткен реакцияда: «Иран ислам республикасының әскери күштері бүгінде Парсы Шығанағы аймағында қуатты құзырға ие. Парсы Шығанағында ирандық қайықтарды суға батыруды қалап отырған адамдар әскери тыңшылықтан хабарсыз. Парсы Шығанағының бүгінгі әскери және қауіпсіздік жағдайында дұшпанның күштері мен жабдықтары Иран қарулы күштерінің нысанасында тұр» деді.