Жел 11, 2016 11:14 Asia/Almaty
  • Жаһангири: Иранға қарсы астыртын әрекеттер әсерсіз

ИИР президентінің бірінші орынбасары сионистік режим мен аймақтағы кейбір парасаттан кенде елдердің Иранды қақтығыс пен соғысқа тарту үшін Теһранға қарсы астыртын әрекеттерін әсерсіз деп атады.

ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири Теһранда кәсіподақтар палатасы өкілдерінің 7- ші отырысында сөйлеген сөзінде: «Иранның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы тарихы мен саясатынан бастау алады. Оны ешкім Ираннан ала алмайды.

Аймақтағы кейбір араб елдері Иранға қарсы тұрғы ұстану үшін Бахрейннің астанасы Манамадағы Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесі басшыларының жуықтағы отырысына Ұлыбритания премьер-министрі  Тереза Мэйді шақырып, осы әрекеттерімен өздерін кемсітті» деп, Иран ислам республикасының аймақта айбынды да ықпалды ел екенін қуаттады.

Бұдан бұрын Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Ұлыбритания премьер- министрі  Тереза Мэйдің осы елдің Иранға қарсы Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесімен әріптестік жасайтынын жариялау негізіндегі Манама отырысындағы мәлімдемесіне білдірген реакцияда: «Өзге елдердің ісіне араласушылық шаралары бейберекеттік, соғыс, қатыгездік және лаңкестіктің өрістеуіне себеп болып отырған елдер өзгелерді аймақ ісіне араласып отыр деп айыптайтын дәрежеде емес» деді.

 

 

 

 

Тегтер