Әлемдік адам құқығы күніне байланысты Иранның адам құқығы штабының мәлімдемесі
(last modified Sun, 11 Dec 2016 05:29:10 GMT )
Жел 11, 2016 11:29 Asia/Almaty
  • Әлемдік адам құқығы күніне байланысты Иранның адам құқығы штабының мәлімдемесі

Әлемдік адам құқығы күніне байланысты Иранның адам құқығы штабы өз мәлімдемесінде өзге елдерге идеялық, мәдени, саяси және экономикалық үстемдігін таңу үшін адам құқығы тақырыбы мен халықаралық органдарды құрал ретінде пайдалануды тоқтатуды сұрады.

Иранның адам құқығы штабы осы мәлімдемеде: «Үстемшілдердің құрылымдық кемшіліктер мен ақпараттық-киберлік империясымен бірге халықаралық органдарды асыра пайдалануы іс жүзінде осы ұйымдар үшін адам құқығын қорғауда абырой- бедел қалдырмады.

Сионистік режим АҚШ және Еуропаның қолдау көрсетуімен Палестина халқын қоршауға алып, жерін басып алып, Палестина халқын тіршілік құқығынан мақұрым етіп отыр.

Сирия мен Иракта да жүздеген мың бейкүнә ирактық пен сириялық АҚШ пен сионистік режимнің және еуропалық үкіметтер мен олардың аймақтық демеушілерінің қолдауына ие болып отырған лаңкестердің қолынан америкалық және еуропалық әскерилердің тікелей атсалысуымен жаппай өлтірілді» деп жазды.

Осы мәлімдемеде сондай- ақ Йеменде екі жылға жуық уақыттан бері осы елдің мазлұм халқының АҚШ пен Ұлыбританияның аймақтағы кең- ауқымды жойқын шабуылдарының нысанасына айналып отырғаны айтылған.

Иранның адам құқығы штабы өз мәлімдемесінің жалғасында: «ИИР адам құқығын жоғарылату үшін ең маңызды да негізгі қадам секулияризмның диктаторлығы мен АҚШ-тың жетекшілігіндегі батыстық үстемшілдер империясы мен оның батыстық кейбір одақтастарының өз идеологиясын таңуына тосқауыл қою болып табылады деп санайды» деп мәлімдеді.