Ұлыбритания елшісі ИИР СІМ-не шақырылды
(last modified Sun, 11 Dec 2016 07:34:06 GMT )
Жел 11, 2016 13:34 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания елшісі ИИР СІМ-не шақырылды

Ұлыбритания премьер-министрінің Бахрейннің астанасы Манамада айтылған Иранға қарсы ұстанымдарына байланысты осы елдің Теһрандағы елшісі Иран СІМ-не шақырылды.

Иран СІМ баспасөз хатшысы Бахрам Қасеми: "Манамада өткен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің басқосуында Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мейдің басқыншылық мәлімдемелеріне байланысты осы елдің Теһрандағы елшісі Николас Хаптун сенбі күні Иран СІМ-не шақырылып, оған ИИР СІМ-нің Батыс Еуропа істері жөніндегі орынбасары тарапынан Ұлыбритания премьер-министрінің ағат сөздеріне қатысты ИИР-ның наразылықтары жеткізілді. ИИР СІМ-нің Батыс Еуропа істері жөніндегі орынбасары Ұлыбританияның Теһрандағы елшісіне Тереза Мейдің Манама отырысында арандатушы және іріткі салушы, әрі жауапсыздықпен айтылған мәлімдемелерінің қабылдауға келмейтінін және де бұдан былай осы секілді уәждердің қайталанбауының күтілетінін айтты» деді.

Ұлыбританияның Теһрандағы елшісі Николас Хаптун өз елінің саясатынің Иранмен қарым-қатынастарын кеңейтуге бағытталғанын айтып: «Иранның нақты да айқын хабарламасы Ұлыбритания СІМ мен премьер-министр әкімшілігіне тез арада жеткізіледі», - деп қуаттады.