Рухани: Иран автокөлік өнеркәсібінде өзге елдермен ынтымақтастық жасауды қолдайды
https://itolqyn.com/news/iran-i1963-Рухани_Иран_автокөлік_өнеркәсібінде_өзге_елдермен_ынтымақтастық_жасауды_қолдайды
ИИР президенті Иранның зерттеу, өндіру және бірлесіп экспорттау негізінде шетелдік автокөлік өндірушілермен ынтымақтастық жасауға әзірлігін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 02, 2016 15:32 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран автокөлік өнеркәсібінде өзге елдермен ынтымақтастық жасауды қолдайды

ИИР президенті Иранның зерттеу, өндіру және бірлесіп экспорттау негізінде шетелдік автокөлік өндірушілермен ынтымақтастық жасауға әзірлігін мәлімдеді.

Иран президенті Хасан Рухани бүгін сейсенбі күні Теһранда автокөлік өнеркәсібі халықаралық форумында автокөлік бағасын төмендету және өндірілген өнімдердің сапасын арттыру ісі тек әлемдік нарыққа қатысу арқылы мүмкіндік табады деп атап: «Иран үкіметінің саясаты автокөлік өнеркәсібін халыққа тапсыру арқылы оны жекешелендіру және бәсекеге қабілетті ету болып табылады» деді. 

Иран президенті сондай- ақ қоршаған ортаны қорғаудың автокөлік өнеркәсібінің басты бағдары болуы керектігін қуаттап: «Ислам республикасы зерттеу, өндіру және бірлесіп экспорттау негізінде шетелдік автокөлік жасаушылармен ынтымақтастық жасауды қолдайды. Бірнеше жылға созылған заңсыз, әділетсіз санкциялар Иранның дамуы жолында қиыншылықтар тудырды. Әлемге қисын арқылы Иран халқының бейбітсүйгіш, қауіпсіздікті, әлем халықтарымен ынтымақтастық пен әріптестік жасауды қалайтын халық екендігін таныту керек» деп мәлімдеді.