Сейед Хасан Насролла: Сауд Арабиясы – Ливандағы дағдарыс пен бүліктің себепкері
(last modified Wed, 02 Mar 2016 09:42:00 GMT )
Нау 02, 2016 15:42 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насролла: Сауд Арабиясы – Ливандағы дағдарыс пен бүліктің себепкері

Ливан Хизболласының бас хатшысы Сейед Хасан Насролла Сауд Арабиясын дағдарыс тудыру мақсатында Ливанға саяси шабуыл жасады деп айыптады.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Насролла сейсенбі күнгі сөйлеген сөзінде: «Бұл ел мен аймақта саудиялықтар және Парсы шығанағының кейбір мемлекеттерінің кең ауқымды саяси және ақпараттық шабуылдарының куәсі болдық. Саяси және ақпараттық шабуылдардың күшеюі Ливанды саяси және ақпараттық тұрғылардан дағдарысқа тіреді. Кейбір саудиялық арналар да Хизболлаға тіл тигізетін көптеген бағдарламаларды таратуда»,- деді.

Сейед Хасан Насролла сөзінің келесі бір бөлімінде Сауд Арабиясы мен Израильдің ортақ мақсаттарына тоқталып: «Сауд Арабиясының аймақтағы жобасы бүлік тудыруды көздейді. Бұл Израильге де тиесілі жоба. Біз исламдық белгілерге жасалған кез келген қорлаушы әрекетті қабылдамаймыз. Бұл тек қателік қана емес, күнә саналады. Исламдық белгілерге тіл тигізу бүлікке себеп болатын қатер. АҚШ, Сауд Арабиясы және Израиль қолдайтын кейбір топтар осындай істермен айналысады»,- деп мәлімдеді.