Лариджани: Иранның стратегиясы – ислам елдерінің бірлігі
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран ислам республикасының аймақтағы стратегиясының ислам елдерінің бірлігі мен сионистік режиммен күреске негізделгенін мәлімдеді.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Теһранда өткен қауіпсіздік саласында өткен конференцияда Батыс Азия аймағын осы аймақ елдері мен әлем үшін маңызды деп бағалап: «Әлемдегі мұнайдың үштен бірінен астамы мен газ экспортының 15 пайызының осы аймақта болуы, Еуропа, Азия және Африка құрлықтарының осы жерде бір-бірімен түйісуі, маңызды су өткелдерінің болуы және ашық теңіздерге қол жетімділік Батыс Азия аймағының маңызды да күрделі ерекшеліктеріне жатады» деді.
Лариджани Батыс Азиядағы қазіргі өзгерістерге сілтеме жасап: «Осыдан жүз жылдан осы уақытқа дейін Батыстың аймаққа таңған келісімшарттары, сионистік режимнің жалған соғыстар ашуы және аймақтағы бейберекеттік сезімі алпауыттарға деген сенімсіздікке соқтырды.
Иранның көзқарасы ислам дінінің идеологиясы бойынша сұхбат қалыптастырып, шиіттер мен сүнниттердің келіспеушілігі деген жалған сылтауға тосқауыл қою үшін Батыс Азия мұсылмандарын күшейту болып табылады» деді.
Ол өз сөзінің жалғасында әлемдік және аймақтық алпауыт елдердің лаңкестікті тактикалық тұрғыдан пайдаланудағы стратегиялық қателігін аймақтағы бейберекеттіктің келесі факторларының қатарыда атап: «Осы стратегия мүддені қамтамасыз ету бағытында Ауғанстанның Кеңес Одағы тарапынан жаулап алынуымен күресу кезінен Ирак пен Ливияны, бүгінде Сирия мен Йеменді басып алуға дейін іс жүзінде лаңкестікті өрістетуге көмектесті» деді.