Жел 12, 2016 12:42 Asia/Almaty
  • Зариф келешектегі халықаралық жүйедегі Батыс Азияның  рөлінің маңыздылығын қуаттады

ИИР Сыртқы істер министрі: «Азияның батысында орын алатын жағдай келешектегі халықаралық жүйеге айтарлықтай әсер ететін болады» деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф жексенбі күні өткен Теһран қауіпсіздік конференциясында өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін түсіндіріп: «Бұл кезеңде Батыс енді негізгі бағыт болмайды. Осы кезге дейін халықаралық жүйедегі барлық өзгерістер Батыста туындап жатты, бүгін ол елден тысқары. АҚШ-тың көптеген әрекеттері Азияның батыс бөлігінде бағытталған болатын. Себебі олар Азияның батысы аймақтың жүйесіне басқа аймақтарға қарағанда көбірек әсер етеді деп санады», - деді.

Иран Сыртқы істер министрі араб елдерінің Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мейді Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі отырысына шақыруын болмыссыздық деп атап: «Тәртіп іштен басталуы тиіс. «Біз сіздерге қауіпсіздік жүйесін орнатамыз» деп айтуы үшін бір әйелді шақырған жарамайды», - деді.

Иран Сыртқы істер министрі гегемония кезеңінің аяқталғанын айтып: «Америкалықтар дәл осы гегемония орнатамыз деген қиялмен көптеген соғыстарға енгенімен одан миллиардтаған шығыннан басқа еш нәтижеге қол жеткізген жоқ» - деді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер