Иран мұнай өндірісін арттыратынын қуаттады
(last modified Wed, 02 Mar 2016 10:45:48 GMT )
Нау 02, 2016 16:45 Asia/Almaty
  • Иран мұнай өндірісін арттыратынын қуаттады

Иран Мұнай министрінің орынбасары Иранның өз еркімен өзіне байкот жариялауға шешім қабылдамайтынын айтты.

Амир Хосейн Заманиниа CNN арнасына берген арнайы сұхбатында Иранның мұнай шығару мөлшерін көбейту жігерін қуаттап: «Санкциялардың мақсаты Ирандағы мұнай шығару мөлшеріне шектеу қою және халықаралық нарыққа Иранды шығармау болды. Сондықтан өз еркімізбен өзімізге бойкот жарияламаймыз» деп қуаттады.

Санкциялардың күшінің жойылуына байланысты Теһран санкцияларға дейінгі өзінің үлесін пайдаланып, мұнай шығару мөлшерін күнделікті 500 мың баррельге көбейтпек. Бұл – Иранның ОПЕК-тегі үлесі және құқығы.

Қазіргі кезде ОПЕК мұнайы қаңтар айындағы күнделікті 32 миллион 650 мың баррельден ақпан айында 32 миллион 370 мың баррельге жетті. Бұл төмендеу Ирактың Күрдістан аймағына қатысты. Өйткені бұл аймақ Ирактың мұнай экспортының үлкен бөлімін құрайды. Соңғы айларда күнделікті шамамен 600 мың баррель мұнай тасымалдаған бұл құбыр 17-ші ақпаннан бастап тасымалдауды тоқтатты. Енді наурыздың ортасына дейін жұмысын бастамауы мүмкін. Нигерия мемлекетінде де мұнай шығару төмендеді. Бірақ Сауд Арабиясы өз мұнайының күнделікті мөлшерін 10 миллион 200 мың баррель көлемінде сақтады.

Осы кезде Сауд Арабиясы күнделікті ОПЕК белгілеген мөлшерден артық шамамен бір миллион баррель мұнайды өзінің үлесі етіп, төмен бағамен нарыққа жібереді. Сондықтан ОПЕК-тің басқа мүшелері өз үлестеріне жету үшін өз үлестерінен артық мұнай шығаратын елдер мөлшерді азайтулары керек.

Иран әлем бойынша ең үлкен мұнай қорына ие мемлекет. Қазіргі кезде санкциялардың күшінің жойылуына байланысты Иран күніне 3 миллион баррель мұнай шығаруда. Иран өз экспортының мөлшерін 1 миллион баррельге көбейте алады.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангене бұл туралы: «Иранның мұнай нарығына толық оралуы бірте-бірте орын алады. Иранның қазіргі жағдайдағы басты мәселесі өткен жылдардағы мұнай бөліміндегі шығындардын орның толтыру үшін мұнай бөлімдеріне инвестиция салу болып табылады»,- деді. Иранның мұнай өнеркәсібі шетелдік инвесторларды қызықтырады. Иранда мұнай шығарудың шығыны. Бұл елдің мұнай қорларының көбі осы уақытқа дейін пайдаланылмаған. Иранның бұл өнеркәсіптегі инженерлік мүмкіндіктері де жоғары. Мұндай жағдай Иранның мұнай өнеркәсібіне жыл сайын кемінде 44-45 миллиард доллар инвестиция салуға мүмкіндік береді.

Иранның Мұнай министрі орынбасарының «Иран өз еркімен өзіне байкот жариялауға шешім қабылдамайды» деген сөздері осы мәселені айқындайды. Иран өз үлесіне жету үшін басқаларға қиындық тудырмайды. Иран ОПЕК-тің барлық мүшелерінің белгіленген үлестеріне табанды болуын талап етеді.