Мосулде ДАИШ қолбасшыларының бірі өлімге ұшырады
ДАИШ қолбасшыларының бірі танымал басқа лаңкеспен бірге Ирактың Мосул қаласында белгісіз қарулы адамдардың қолынан өлімге ұшырады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мосул орталығының Ирактың Күрдістан аймағының «Михан» одағының атқарушы қайраткері Ғиас Сорчи: «Жексенбі күні ДАИШ-тың лаңкестерінің бірі Аднан әл-Каһул және Мосулдегі ДАИШ полициясының басшысы Сүлейман Хасан белгісіз адамдардың қолынан өлімге ұшырады. Белгісіз адамдар әл-Каһулды Мосулдың Ярмук мекенінде өлтірді»,- деді.
ДАИШ-тың бұл екі мүшесінің топтың ішкі қақтығысында өлгені немесе халықтық топтардың өлтіргені белгісіз.
Сорчи сонымен бірге ДАИШ мекендерінің бірін Ирак пен коалицияның әскери ұшақтары бомбалағанын, шамамен 15 лаңкестің өлгенін хабарлады.