Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысын қабылдауында сөйлеген сөзі
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «Сионистік режимді демеушілердің Палестина мәселесін ұмыттыру үшін үсті- үстіне дағдарыс тудыруына қарамастан осы шарапатты өлке халық пен палестиналық топтардың қарсыласуы мен күресуінің арқасында азат етіледі» деп баса айтты.
Мәртебелі жетекші бюросының ақпарат тарату торабының мәлімдеуі бойынша ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін сәрсенбі күні түсте Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдолла бастаған делегацияны қабылдауда: «Құдс шәріпті құтқарудың жалғыз жолы күресу мен қарсыласу болып табылады. Өзге жолдар нәтижесіз.
Сиоистік режим осыдан бұрын айтқанымыздай, егер палестиналықтар мен мұсылмандар бірігіп, сионистермен күрессе алдағы 25 жылда сионистік режим құрдымға кетеді» деді.
Революцияның мәртебелі жетекшісі аймақтағы қиыншылықтардың негізгі себебін «үстемшіл» және «үлкен шайтан», яғни Америка деп атап, аймақтағы «кіші шайтандардың» қазіргі дағдарыстарды қалыптастыруға араласушылығына сілтеме жасап: «Олардың барлығының мақсаты Палестина мәселесінің аймақтың қоғамдық пікірінде бояуын кетіру және халықтардың есінен шығару болып табылады.
Ислам республикасы аймақта кейбір оқиғаларға тап болып отырғанына қарамастан, әрдайым ашық түрде Палестинаны ислам әлемінің бірінші мәселесі деп жариялап, осы негізде өз міндетін атқаруда» деді.
Ол Палестина Исламдық жиһад қозғалысының сионистерге қарсы бірігуі мен қарсыласуы үшін он баптан тұратын жобасына ризалық білдіріп: «Күресуді қуаттау, бітім келісімшарттарын толығымен қабылдамау, палестиналық топтардың бірлігіне ынталану және кейбір ескішіл елдердің дұшпанмен бітімге келу жолындағы талпынысын айыптау осы жобаның маңызды мазмұндарына жатады.
Аймақтағы маңызды мәселелердің бірі ДАИШ, "ән-Носрат майданы" мен басқа да тәкфирлік топтарға жалпының тосқауыл қоюы болып табылады. Әйтпегенде тәкфирліктердің үсті-үстіне дағдарыс тудыруы салдарынан Палестина мәселесі шетте қала беретін болады» деді.
Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдолла да революция жетекшісі мен ислам республикасының батыл және парасатты тұрғыларына алғыс айтып, сионистік режимнің 2014 жылғы Газа секторына қарсы 50 күндік соғысымен салыстырғанда палестиналық қарсыласу топтарының жауынгерлік әлеуетінің бірнеше есе ұлғайғанына сілтеме жасап: «Палестина – тағдырды айқындайтын өлке. Оның иелерінің хақысы қайтарылмайынша, аймақта тыныштық орнамайды» деді.