Ислам революциясының жетекшісі Индонезия Президентімен кездесуде баяндама жасады
(last modified Thu, 15 Dec 2016 08:20:48 GMT )
Жел 15, 2016 14:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Индонезия Президентімен кездесуде баяндама жасады

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Азияның батыс аймақтарындағы қақтығыстарды қасақана мақсаттар негізінде сырттан таңылған оқиғалар деп атады.

Ислам революциясы жетекшісінің аппараты ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Индонезия Президенті Джоко Видодомен кездесуінде Индонезияның Палестина мәселесіне қатысты ұстанымын мадақтап: «Осы дағдарыстардың көбі  аймақтың ең ауыр дағдарысы әрі ислам әлемінің ең негізгі мәселесі, яғни Палестинаны ұмыттыру мақсатында жасалып отыр. Біз бұл мәселенің ұмытылуына жол бермеуіміз керек»,-деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі Қосылмау қозғалысының қалыптасуына негіз болған Бандунг конференциясының өтуінде маңызды рөл атқарған  Сукарноның көрнекті тұлғасын мадақтап: «Бүгін де Индонезия мен ИИР-ның халықаралық қауымдастықтағы саяси ұстанымдары бір-біріне жақын»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Иран мен Индонезия арасындағы экономикалық айналым деңгейінің төмендігін екі елдің көптеген мүмкіндіктері үшін лайық емес деп атап: «Уақыт белгілеу арқылы екі ел арасындағы экономикалық айналым деңгейін 20 млрд долларға жеткізу керек»,-деп баса айтты. 

Индонезия Президенті Джоко Видодо да осы кездесуде өзінің Иранға сапарының мақсатын экономикалық қарым-қатынасты, әсіресе қуат саласындағы байланыстарды дамыту деп атап, Иран үкіметімен өткізген келіссөздерін сындарлы деп бағалады.

Индонезия Президенті Палестина мәселесі туралы: «Индонезия Палестина мәселесіне қатысты жауапкершілікті сезінеді, сондықтан Палестина халқының құқықтарының орындалуын қолдайды»,-деп қуаттады.

 

Тегтер