Теһранда Elecomp-2016 көрмесі жұмысын бастады
Теһранда бүгін электротехника және компьютер саласындағы Elecomp-2016 атты халықаралық 22-ші көрме өз жұмысын бастады.
Бүгін бейсенбі күні Теһранда Иран президентінің ғылыми-технология істері бойынша орынбасары Сурна Саттари мен Иранның Ақпараттық технология министрі Махмуд Ваезидің қатысуымен Elecomp-2016 атты электротехника және компьютер саласындағы халықаралық 22-ші көрме өз жұмысын бастады.
Elecomp-2016 халықаралық көрмесінде байланыс және электронды құралдар, қауіпсіздік жүйелері, тыңдау және есту құрылғылары, мобильді телефондар, компьютер мен іргелі ғылымдар саласы бойынша 86 шетелдік, 336 ирандық компания байланыстар технологиясындағы өздерінің ең жаңа өнімдері мен жетістіктерін көрмеге қойды.