Лариджани исламдық елдердің мәжіліс басшыларын пайғамбардың мәулітімен құттықтады
(last modified Fri, 16 Dec 2016 03:38:12 GMT )
Жел 16, 2016 09:38 Asia/Almaty
  • Лариджани исламдық елдердің мәжіліс басшыларын пайғамбардың мәулітімен құттықтады

Иранның Исламдық Кеңес мәжілісінің басшысы ислам елдерінің мәжіліс басшыларына жіберген жолдауында оларды исламның ардақты пайғамбарының мәулітімен құттықтады.

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің басшысы Әли Лариджани бүгін бейсенбі күнгі жолдауында ислам елдерінің мәжіліс басшыларына ислам мемлекеттерінің ұлы тұлғалары мен ғалымдары және парламенттерінің әсерлі де жақын әрекеттестік жасауы қажеттігін қуаттады.

Лариджани жолдауында: «Екіжүзділік пен лаңкестіктің лас көлеңкесі ислам үмбетінің денесіне терең де ауыр жара салып отырған қазіргі жағдайда ислам діні мен пайғамбардың сүннеті мен Құран Кәрімнің пәк әрі жоғары тағылымдары мен ағартушылығын жүзеге асыру арқылы ғана  ислам қоғамын құтқаруға болады. Иранның Исламдық кеңес мәжілісі ислам үмбетінің ортақ стратегиялары мен жоғары мақсаттарын нәтижеге жеткізу үшін ислам мемлекеттерінің парламенттерімен серіктестіктерін жоғары деңгейде жүзеге асыратын болады» деп қуаттады.  

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің басшысы сонымен қатар ұлы Құдайдан ислам үмбетіне үстем мерей мен ғиззат, бақыт, ал ислам елдерінің парламенттері мен үкіметтеріне табыс тіледі.

Сүннит мазхабының ізбасарлары раби ал-аууал айының он екісін, шиіт мазхабының жақтастары осы айдың он жетісін исламның ардақты пайғамбарының мәуліті санайды.

ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейни ислам әлемінің бірлігін нығайту мақсатында екі датаның арасын «Бірлік аптасы» деп атаған болатын.