Лариджани: Аймақтың кейбір мемлекеттері қайшылық тудыруды мақсат етеді
https://itolqyn.com/news/iran-i20254
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы «Аймақтың кейбір мемлекеттері Иранның жаңа жағдайын түсіне алмай, дағдарыс тудырғысы келеді. Иран заңды түрде өз бағдарламаларының іске асырылу үдерісін қадағалауда»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 16, 2016 17:37 Asia/Almaty
  • Лариджани: Аймақтың кейбір мемлекеттері қайшылық тудыруды мақсат етеді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы «Аймақтың кейбір мемлекеттері Иранның жаңа жағдайын түсіне алмай, дағдарыс тудырғысы келеді. Иран заңды түрде өз бағдарламаларының іске асырылу үдерісін қадағалауда»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Әли Лариджани бейсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Горган облысында сөйлеген сөзінде исламдық Иранның дана басшысыға ие екендігіне тоқталып: «Дұшпанның Иранның дамуына кедергі жасауы әсер етпейді. Иран Ислам республикасы Ислам революциясы жетекшісінің басқаруымен алға ілгерілейді»,- деп қуаттады.

Лариджани аймақтың жағдайы мен аймақтағы кейбір мемлекеттер мен режимдер қолдайтын лаңкестік топтармен Ирак пен Сирияның инфрақұрылымдарының қиратылуына тоқталып: «Аймақтың жағдайы алаңдаушылық тудырады, өйткені аймақтың мүмкіндіктері жойылып, сионистік режим ешбір шығын шығармастан аймақтың  инфрақұрылымдарын қиратуда. Аймақтың мұсылман халқының пікірімен санаспай, кейбір ислам елдерінің басшылары жасырын түрде сионистік режиммен ынтымақтастық етуде. Исламдық үмбеттің негізгі дұшпаны – сионистік режим. Бұл режим мұсылмандардың бірінші құбыласын басып алып, Ислам діні мен мұсылмандарға қарсы қылмыс пен бүліктен тартынбайды»,- деп баса айтты.