Лариджани Румыния Сыртқы істер министрімен кездесуде банк істерінде санкциялар үдерісінің жалғасуын сынады
(last modified Thu, 03 Mar 2016 10:11:20 GMT )
Нау 03, 2016 16:11 Asia/Almaty
  • Лариджани Румыния Сыртқы істер министрімен кездесуде банк істерінде санкциялар үдерісінің жалғасуын сынады

Лариджани Румыния Сыртқы істер министрімен кездесуде банк істерінде санкциялар үдерісінің жалғасуын сынады

Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы қазір аймақтық дағдарыстардың оны шешу үшін біртұтас шешім жолына қол жеткізілмесе, қиынырақ жағдайға куә болатын жағдайда екендігін айтты.

Доктор Әли Лариджани Румыния Сыртқы істер министрі Лазар Команескумен кездесуінде Иран мен «алтылық» елдері арасында жасалған ядролық келісімдерге сілтеме жасап: «Ядролық келісімшартқа қол қойылғанына біраз уақыт болды. Осы мерзімде Иран өзінің барлық міндеттемелерін орындағанымен, өкінішке орай, қарсы тарап міндеттемелерін әлі толығымен орындамай отыр» деді.

Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы банк істерінде санкция үдерісінің жалғасып жатқанына сілтеме жасап: «Иран мен өзге елдер арасында сауда және экономикалық байланыс орнату үшін алдымен банк істерін жеңілдету керек. Бұл іс әзірше ойдағыдай атқарылған жоқ. Осы мәселе тезірек шешілер деген үміттеміз» деді.

Кездесуде Румыния Сыртқы істер министрі Лазар Команеску өзінің Иранға сапарының мақсатын Румыния президенті, үкімет басшысы және мемлекет басшыларының достық үндеуін жеткізу екенін айтып, ядролық қарардың бекітілуімен байланыстардың жаңа кезеңін бастауға үміт білдірді.