Салехи: АҚШ «Ортақ қадам» бағдарламасы негізіндегі міндеттемелерін бұзуды жалғастыруда
(last modified Sat, 17 Dec 2016 16:05:11 GMT )
Жел 17, 2016 22:05 Asia/Almaty
  • Салехи: АҚШ «Ортақ қадам» бағдарламасы негізіндегі міндеттемелерін бұзуды  жалғастыруда

ИИР Атом қуаты ұйымының басшысы: «АҚШ «Ортақ қадам» бағдарламасы негізіндегі міндеттемелерін бұзуды жалғастыруда»,- деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи бір телебағдарламада сөйлеген сөзінде: «Иран Ислам Республикасы халықаралық сахнадағы «Ортақ қадам» бағдарламасына байланысты өзінің жағдайын баяндауда ешкімнің қас-қабағына қарамайды. «Ортақ қадам» жүзеге асырыла бастағаннан тура бір ай өткен соң батыстықтардың уәделері бос сөз болып шықты. «Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейін шетелдік банктер Иранмен ешбір шынайы әрекет жасамады», - деп мәлімдеді. Ертең жексенбі күні Әли Акбар Салехидің шақыруымен Атом қуаты халықаралық агенттігінің  (МАГАТЭ) басшысы Юкия Амано делегацияны бастап Теһранға келмек. Амано бұл сапары барысында Салехимен кездесуімен қатар, Иранның басқа да лауазымды тұлғаларымен сұхбаттасады. Бұл сапар Иранның АҚШ-тың «Ортақ қадам» бағдарламасына байланысты өз міндеттемелеріне берік болмауы, яғни Иранға қарсы санкцияларды ұзартуына байланысты наразылық ретінде орын алады.

Атом қуаты халықаралық агенттігі Иранның «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты өз міндеттемелеріне берік екендігін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

 

 

Тегтер