Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің «Ислам бірлігі» конференциясынан кейінгі кездесуде сөйлеген сөзі
(last modified Sun, 18 Dec 2016 08:20:15 GMT )
Жел 18, 2016 14:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің «Ислам бірлігі» конференциясынан кейінгі кездесуде сөйлеген сөзі

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Теһранда өткен «Ислам бірлігі» конференциясының ұйымдастырушылары және қонақтарымен кездесуінде сөйлеген сөзінде Ұлыбританияны Азияның батысы үшін үнемі қауіп-қатер, бүлік пен қасіреттің факторы деп атады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні отызыншы «Ислам бірлігі» конференциясының ұйымдастырушылары және қонақтары, мұсылман елдерінің елшілері мен халықтың түрлі әлеуметтік топтарымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Бүгінде аймақта екі тілек таразыға тартылып отыр: оның бірі – бірігу тілегі; екіншісі – бөліну тілегі. Мұндай маңызды жағдайда Құран мен ұлық Пайғамбардың (с.ғ.с.) тағылымдарына сүйену  Ислам әлемі мәселелерінің шешім жолы әрі біріктіруші күш болып табылады», - деді.

Хазірет аятолла Хаменеи соңғы екі ғасыр ішіндегі Ұлыбританияның саясаттары мен әрекеттерін аймақ халықтары үшін бақытсыздық пен қасіреттің факторы деп атап: «Соңғы кездері ұлыбританиялықтар ұялмастан, мазлұм әрі ғазиз Иранды аймақтың қауіпі деп атады. Алайда айыптауларға қарамастан, шын мәнінде ұлыбританиялықтардың үнемі қауіп-қатер, бүлік пен қасіреттің көзі болғаны баршаға мәлім» деді.

Революцияның мәртебелі жетекшісі мұсылмандарды әлсіретіп, бөлу үшін үстемшілдік пен отаршылдықтың күннен-күнге артып келе жатқан талпыныстарына сілтеме жасап: «Бүгінде ислам әлемі көптеген қиындықтар мен азаптарға тап болып отыр.

Ол қиындықтар мен бақытсыздықтардың шешімі ислам дінінің көптеген ортақтастықтарының арқасындағы бірлік пен өзара әрекеттестік және ынтымақтастыққа жету мен діни және ой айырмашылықтарынан өту болып табылады.

Мұсылман халықтары мен үкіметтері біріккен жағдайда америкалықтар мен сионистер өз талаптарын мұсылмандарға міндеттеу күшінен айрылады. Палестинаның мақсат-мұраттарын ұмыттыру әрекеті де сәтсіздің ұшырайды», -деп мәлімдеді.

Хаменеи Азияның шығысындағы Мьянмадан бастап, Африканың батысындағы Нигериядағы мұсылмандарға шабуыл жасау мен оларды өлтіруді және Азияның батысындағы мұсылмандардың қақтығысын үстемшіл жауыздардың астыртын әрекеттерінің салдары деп атап: «Бұл жағдайда Ұлыбританияның шиіттері мен АҚШ сүнниттері арандатушылық пен алауыздық туғыздыруда бір қайшының екі жүзі іспеттес әрекет етуде»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің сөздерінің алдында ИИР президенті Хасан Рухани аймақтағы жағдайға байланысты рақым Пайғамбар (с.ғ.с.)-ның атымен діннің келбетін лаңкестік және зорлық-зомбылықпен ластаған кейбір топтар мен ағымдарғы сілтеме жасап: «Иран Ислам Ресбубликасы аймақтың жәбір көрген халықтарының қасында лаңкестікке қарсы тұрды және тұрады»,- деп мәлімдеді.