Халықтың сайлауға мағыналы түрде қатысуы "Ортақ қадам" бағдарламасының қарқынмен жүзеге асырылуына себеп болады
(last modified Thu, 03 Mar 2016 11:10:46 GMT )
Нау 03, 2016 17:10 Asia/Almaty
  • Халықтың сайлауға мағыналы түрде  қатысуы

Иранның Сыртқы істер министрі халықтың сайлауға мағыналы түрде қатысуын "Ортақ қадам" бағдарламасының қарқынмен жүзеге асырылуына себеп болатынын айтты.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні ядролық мәселе туралы ақпарат тарататын тілшілерге алғыс білдіру рәсімінде: "Халықтың сайлауға мәнді де мағыналы түрде қатысуы қарсыласу экономикасы саясаттары негізінде экономикалық даму бағытында "Ортақ қадам" бағдарламасының қарқынмен жүзеге асырылуына себеп болады. Егер 2014 жылғы президент сайлауына халықтың 73 пайызы қатыспағанда, Иранның ядролық келісімгер тобына ар-абыроймен келіссөздер өткізуі үшін ешкім мүмкіндік бермес еді" деді.

Иранның Сыртқы істер министрі сонымен қатар ақпарат құралдарына өткен 30 айда ядролық келіссөздердегі өзгерістерге қатысты хабар таратудағы талпыныстары үшін алғыс айтты.

Иранның Байланыс министрі сейіт Махмұд Алави халықтың сайлауға ықыласпен қатысуына алғыс білдіріп: "Елдің барлық таптары мен басшыларының ниеттестігі мен ынтымақтастығы осы ұлы жеңіске қол жеткізудегі ықпалды факторлардың қатарын құрайды" деді.