Иран армиясы қоқан-лоққыларға тосқауыл қою үшін жедел қимыл бөлімшесін құрды
Иран ислам республикасы армиясы құрлық күшінің қолбасшысы дұшпандардың, әсіресе тәкфирлік топтардың кез- келген қоқан- лоққыларына тосқауыл қою үшін жедел қимыл бөлімшесінің құрылғанын хабарлады.
Иран ислам республикасы армиясы құрлық күшінің қолбасшысы бригада генералы Ахмад Реза Пурдастан бейсенбі күні Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Заһедан қаласында тілшілерге берген сұхбатта: «Иран армиясы қорғаныстық жаңа қарулармен жабдықталды. жақында «Каррар» танкі де армия құрлық күшінің бөлімшелеріне қосылады» деді.
Әмир Пурдастан сондай- ақ Ресейден «Т 90» танкін сатып алудың бастапқы шараларының атқарылғанын, олардың жуырда армияның құрлық күшіне табыс етілетіндігін айтты.
Иран ислам республикасының армиясы құрлық күшінің қолбасшысы сондай-ақ ел армиясы күштерінің бар күш-қуатымен кез-келген аймақтық қоқан-лоққыларды шекаралардан тыс 40 шақырымға дейін қадағалап, кез-келген шапқыншылықпен күресуде жедел реакция көрсетуді күн тәртібіне қойып отырғанын деп қуаттады.