Рухани Сирия халқына көмек көрсету саласында Теһран мен Мәскеудің ынтымақтастықтарын арттыратындықтарын қуаттады
(last modified Tue, 20 Dec 2016 09:09:21 GMT )
Жел 20, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • Рухани Сирия халқына көмек көрсету саласында Теһран мен Мәскеудің ынтымақтастықтарын арттыратындықтарын қуаттады

Иран мен Ресей Президенттері дүйсенбі күні телефон арқылы сөйлесіп, Сирия халқына қолдау көрсету қажеттігін қуаттады.

ИИР Президенті Хасан Рухани телефон арқылы орнаған сұхбатта Батыстың лаңкестердің қолына түскен Сирияның жазықсыз  халқының жағдайына немқұрайдылық танытуын сынап, Теһран мен Мәскеудің ынтымақтастықтарын арттырып, Сирия халқына дәрі-дәрмек және азық-түлікпен көмектесуді жалғастыратындықтарын мәлімдеп, басқа елдерді де көмек жіберуге жігерлендіру қажет деп баса айтты.

Иран Президенті сонымен бірге Иран, Түркия және Ресей Сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өткізетін отырысын қолдап: «Бұл отырыс үш елдің Сирия халқына  көмек көрсетуді арттыруына жағдай тудырады»,- деді.

 Ресей Президенті Владимир Путин де телефон арқылы орын алған сұхбатта лаңкестерді Сирияның Алеппо қаласынан шығару операциясын сәтті өтті деп бағалап,  осы саладағы Теһран мен Мәскеудің ынтымақтастықтарын жалғастыру қажеттігін қуаттады. Путин сондай-ақ қазіргі жағдайда Сирия халқын қолдап, гуманитарлық көмек жіберуді қажет деп атап: «Халықаралық қоғамның, соның ішінде Иран мен Ресейдің бүгінгі міндеті – Сирия халқын қорғап, көмектесуді жалғастыру»,- деп баса айтты.