Иранда революцияның қоңырауы соғылып, "Фаджр" он күндігінің мейрамдары басталды
Исламдық Иран 1- ші ақпан - имам Хомейнидің Иранға оралуының жылдығы және ислам революциясының "Фаджр" он күндігінің басталуымен шаттық пен қуанышқа бөленуде.
Ислам революциясының "Фаджр" он күндігі мейрамдарының ресми салтанаты хазірет имам Хомейнидің 1979 жылы 1-ші ақпанда елге оралу тарихи сәтімен орайлас халықтың түрлі таптары және басшылардың қатысуымен Иран Ислам Республикасының негізін қалаушының кесенесінде басталды.
Бүгін сондай-ақ құрмет белгісі ретінде шіркеулерден қоңырау соғылып, Иран мектептерінде ислам революциясының әнұраны ойналды . Баһман айының 12- сі, сәйкесінше 1- ші ақпан рәсіміне 550- ден астам тілші қатысып отыр. Солардың 80- і шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері болып табылады.
Иранның бүкіл мектептерінде ислам революциясының қоңырауы соғылып, оқушылар имам Хомейни және революцияны сипаттаған өлеңдер айтып, Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы мен шәһидтердің армандарына табанды қалатындықтарына серт берді.
Имам Хомейни 1979 жылы 1- ші ақпанда араға 15 жыл салып, Иранға оралды. Осы тарихи күн 1979 жылдың 11- ші ақпан күнгі революцияның жеңісіне алғышарт әзірледі.