Германия Иранның экономикалық жобаларына қатысады
Иранның Энергетика министрі Германияның экономикалық компанияларының Иранның электр стансалары, мұнай, газ және мұнай-химия жобаларына қатысуын құптады.
Иранның Энергетика министрі Хамид Читчиян бейсенбі күні Берлинде Иран мен Германия сауда палаталарының ортақ отырысында германиялық компанияларды Иранның энергетика, мұнай, газ және мұнай-химия бөлімдеріндегі жобаларына қатысуға шақырып: "Санкциялар кезінде Германияның Иранмен сауда қатынастарындағы үлесі азайды. Бірақ қазір санкциялар жойылғаннан кейін екі елдің сауда және өнеркәсіптік қатынастарын бұрынғы деңгейге жеткізу үшін мүмкіндік туындады" деді.
Иранның Энергетика министрі өз елін 80 миллион халқы бар дамып келе жатқан нарық деп атап: "Иран Таяу Шығыс пен Орталық Азияны қамтитын 400 миллион халқы бар аймақтық нарыққа қолжетімділік пен ықпалға ие. Мәселен, су және энергетика өнеркәсібі бойынша ирандық өнімдер мен құрал-жабдықтар әлемнің 40 еліне экспортталады" деді.