Лариджани барлық әлем елдерінің бейбітшілікті күшейту үшін әріптестік жасауы қажеттігін қуаттады
(last modified Sun, 25 Dec 2016 05:36:10 GMT )
Жел 25, 2016 11:36 Asia/Almaty
  • Лариджани барлық әлем елдерінің бейбітшілікті күшейту үшін әріптестік жасауы қажеттігін қуаттады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы бүкіл әлем елдерінің Парламент төрағаларына жолдауында Иран мәжілісінің бейбітшілікті күшейту үшін бірлесіп әріптестік пен ынтымақтастық жасауға әзірлігін қуаттады.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Әли Лариджани сенбі күні әлем елдерінің Парламент төрағаларына жіберген жолдауда: «Илаһи пайғамбарлардың тағылымдары бейбітшілік пен әділетті және адамзат қоғамының құтылуын сүйіншілейді. Қазіргі әлем басқа кездерден көбірек оған мұқтаж» деді.

Лариджани осы жолдауда хазірет Иса Мәсіхтің туған күнімен және жаңа жылдың келуімен құттықтап: «Илаһи діндердің ізбасарларына хазірет Иса сияқты үлкен пайғамбарлардың армандары мен асқақ мақсаттарына жету үшін әріптестік жасау мен сұхбаттасу қағидасы қажет» деді.

Иран мәжілісі төрағасының жолдауында Парламенттердегі ұлттар өкілдерінің бейбітшілік орнату және оны күшейту мақсатындағы әріптестік жасауының рөлі мен маңызды мәртебесі қуатталды.