Революцияның мәртебелі жетекшісі: Дей айының тоғызы күнгі ерлік – ислам республикасы жүйесі құдыретінің үлгісі
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі 1388 жылдың дей айының тоғызы күнгі ерліктің жылдығы қарсаңында сөйлеген сөзінде осы теңдессіз ерлік пен халықтың идеялық күшін ислам республикасы жүйесі құдіретінің үлгілерінің бірі деп бағалады.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні шариғаттан сабақ беретін отырыстың басында және 1388 жылғы дей айының тоғызы (желтоқсан айының жиырма тоғызы) ерлігінің жылдығы қарсаңында үстемшілдердің ислам билігімен іс жүзіндегі дұшпандығы мен кекшілдігіне және олардың ислам жүйесінің күш-қуатын жою үшін талпынуына сілтеме жасап: «Бүгінде үстемшіл алпауыттардың ислам республикасымен қарсыласуы Иран халқының материалдық және рухани күші мен талап- жігерін жою мақсатын көздеп отыр» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи ислам пайғамбарынан бір рауаятқа сілтеме жасап: «Адамзат қоғамдары күш- қуатқа ие болудың арқасында бақытқа қол жеткізеді. Америка сияқты үстемшіл алпауыттар қоғамның бақытын және өздері "америкалық құндылықтар" деп атап отырған нәрсені байлық жинау мен әлемге үстемдік етуден іздестіреді, бірақ ислам адамзаттың бақытын адами кемелдіктерге жетуде және қоғамда құрани ой мен істің қатар жүруінде деп санайды» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі исламнан шыққан және аймақтағы түрлі мәселелерге ықпал ету күшіне ие жүйені әлемдік алпауыттардың дұшпандығы мен кекшілдігін қоздырып отыр деп атап: «Үстемшіл жүйе әлемдегі зұлымдық пен кемсітушілікке қарсы кез- келген пікір мен ағымға қарсы, бірақ бір ағым ұлтты қозғалтқан кезде барынша күш жұмсап, онымен қарсыласады» деді.
Ол астыртын әрекеттердің және ислам республикасымен түрлі дұшпандықтардың тамырын табиғи, адами және экономикалық мол байлығы бар, сөзі мен қисыны және саяси мінбесі, әскери лайықты құралы мен күші бар Иранның үстем жүйесімен қарсыласуында деп атап: «Ислам республикасы осы дұшпандықтарға қарсы алдында өзінің күш- қуатын арттыруы керек. Ішкі күш- қуатты ұлғайту және ішкі құрылысты нығайтуды үсті-үстіне қуаттаудың себебі де дәл осы мәселе» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи сондай- ақ дей айының тоғызы (желтоқсан айының жиырма тоғызы) оқиғасын жүйе құдыретінің келесі бір мысалы санап: «Сол теңдессіз оқиғаны ешкім ұйымдастырған жоқ. Исламдық жүйенің негізгі идеялық күші халықты көшелерге шығарып, теңдессіз оқиға орын алды» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи сондай- ақ бақыт пен бақытсыздықты билікті пайдаланумен байланыстырып, ядролық қарудан туындаған күш жөнінде: «Ядролық қаруға тыйым салудың шариғаттық және рационалды маңызды негіздемелері бар, бірақ күш- қуаттың өзге түрлеріне қол жеткізу үшін үкімет пен халықтың талпыныс жасауына мүмкіндік бар» деді.