"Талаш" зымырандық құрылғысы "Велаят аспанын қорғаушылар-7" жаттығуының үшінші күні сынақтан өтті
Ислам республикасы армиясы мен ислам революциясы Сақшылар корпусының Иранның оңтүстік аймағындағы бірлескен жаттығуының үшінші күні "Талаш" атты жергілікті зымырандық құрылғы алғаш рет сынақтан өтті.
Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ның хабарлауынша, "Велаят аспанын қорғаушылар-7" жаттығуының үшінші кезеңінде бүгін, сәрсенбі күні алғаш рет "Талаш" зымырандық құрылғысы мен "Офуқ" атысты бақылау радары сынақтан өтіп, сарапқа салынды.
"Талаш" зымырандық құрылғысы "Саяд" зымырандарын қолдану арқылы ортадан жоғары биіктіктерде нысаналарға тие алатын толығымен жергілікті әуе қорғанысы болып табылады.
"Велаят аспанын қорғаушылар-7" жаттығуының ақпарат хатшысы бригада генералы Аббас Фарадж Пураламдари осы жаттығудың өткізілуі аясында тілшілерге берген сұхбатта: «Жаттығудың үшінші кезеңінде қасиетті қорғаныс кезеңінен 27 жыл өткен соң Харк аралының операциялық аймағына орналастырылған зымырандық құрылғылар, соның ішінде "Мерсад" құрылғысы орта қашықтыққа қолданылатын зымыран ату арқылы болжамды жау ұшақтарының көзін жоюда» деді.