Дей айының тоғызы күнгі ерлікті атап өту рәсімі Иранның барлық қалаларында өтті
Көрегенділік және үмбеттің діни жетекшімен сертін қайталау күні – дей айының тоғызы күнгі ерлікті атап өту рәсімі Теһрандағы имам Хомейни атындағы ашық намаз алаңы мен Иранның әртүрлі қалаларында өтті.
Бейсенбі, 29-шы желтоқсан исламдық Иранның батыл әрі діни жетекшіге адал халқының 1388 жылдың дей айының тоғызы күнгі ерлік шеруіндегі (2009 жыл, 30-шы желтоқсан) ашуралық құзырының жылдығы болып табылады. Дей айының тоғызы күнгі ерлікті атап өту рәсіміне Иран халқының түрлі топтары қатысты. Осы рәсімге қатысушылар «Америкаға өлім!», «Израильге өлім!» деген ұрандар айтты. Сондай- ақ осы рәсімнің соңында дей айының тоғызы күнгі ерліктің жетінші жылдығының алты баптық мәлімдемесі оқылды.
Иран халқы 1388 жылдың дей айының тоғызы күнгі (2009 жылғы 30 желтоқсан) миллиондық шеруде қоғамның шырқын бұзушылардан безетіндіктерін мәлімдеп, Ирандағы оныншы президенттік сайлауда жолсыздыққа жол берілді деген желеумен елде бейберекеттің орнатуды мақсат еткен бүлікшілерге кесімді жауап берді.