Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 31 Dec 2016 13:24:32 GMT )
Жел 31, 2016 19:24 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Сауд әулеті мен Халифе әулеті қылмыстарының жалғасуы туралы ескертті

Теһран жұма намазының құтпагері: "Сауд әулеті мен Халифе әулеті режимдерінің аймақтың мұсылман елдеріне қарсы қырып-жою және басып-жаншу әрекеттерінің жалғасуының оларды күйрететіні сөзсіз" деді.

Аятолла Мұхаммадали Мовахеди Кермани осы аптаның Теһран жұма намазының құтпаларында Сауд әулеті, Халифе әулеті мен олардың жалдамалыларының шабуылдары мен қатыгездіктерінің салдарынан туындаған Бахрейн, Йемен мен Сириядағы қазіргі кездегі гуманитарлық дағдарыстың алаңдаушылық тудырып отырғанын айтып: "Аймақтың зорлықшыл режимдері, егер аймақтың мұсылман халықтары, соның ішінде, Сирия, Ирак, Бахрейн мен  Йеменге қарсы қылмыстары мен басып-жаншу әрекеттерін жалғастырып, өз ұстанымдарын өзгертпейтін болса, сәтсіздікке ұшырап, ақырында жойылатынын білсін" деді.

Теһран жұма намазының уақытша имамы сонымен қатар Сирия әскері мен қарсыласу майданының Алепподағы жуырдағы жеңістеріне орай құттықтап: "Алеппоны лаңкестерден тазарту бір жүйенің жеңісі емес. Бұл – шындықтың жалғанды жеңуі әрі лаңкестердің араб және батыстық қолдаушылары үшін үлкен масқарашылық" деді.

Аятолла Мовахеди Кермани "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының АҚШ тарапынан бұзылуына тоқталып: "Бүгін АҚШ-тың Иран халқының дұшпаны екені және бұл елдің жалған уәделеріне сенбеу керек екендігі баршаға мәлім болды" деді.