Зариф: Лаңкестік пен әсірешілдік – қазіргі саясаттардың тиімсіздігінің салдары
ИИР Сыртқы істер министрі лаңкестік пен әсірешілдікті халықаралық алаңдағы қазіргі саясаттардың тиімсіздігінің салдары деп атады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф “Iranian Review of Foreign Affairs” атты ирандық басылымдағы бір мақаласында лаңкестік және әсірешілдіктің таралуымен ұжымдық түрде күресу қажеттігін қуаттап: "Әлемдік қауымдастық бұл апаттан мүмкіндігінше ең ықпалды тәсілдермен құтылу керек деген ортақ нәтижеге жетті. Егер шынымен лаңкестік және әсірешілдікпен шынайы түрде күресуге деген ерік-жігер болса, бұл апаттың түп-тамырын табу мәселесі шынайы түрде қарастырылуы керек" деп жазды.
Зариф осы мақаласында араласушылық пен үстемшілдікті лаңкестіктің пайда болуының бір факторы деп атап: "Палестина жерінің жетпіс жылдық басқыншылығы мұның ең басты үлгісі. АҚШ-тың өз ойындағы әлемдік жаңа жүйені құру үшін саяси және әскери түрде араласушылығынан кейін бұл басқыншылық үдей түсті" деді.
Иранның Сыртқы істер министрі лаңкестік топтардың мүшелерінің арасында еуропалық азаматтардың болуына тоқталып: "Гүлденген және дамыған ортадағы мақұрымдық, жатсыну және шеттету сезімдерінің тереңдеуі іс-жүзінде батыс азаматтары мен топтарды және қоғамдарды қауіпсіздік, құрмет, пікірлестік пен үміттен мақұрым қалдырады. Ирак пен Ауғанстанға шабуыл жасап, осы елдерді басып алу бейберекеттікке соқтырған, апат тудырған әрі көп шығын келтірген саяси авантюра болды" деді.