Шамхани: Сирия әлемдік лаңкестікпен соғыста жеңіске жетті
Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы: «Сирияда тыныштық пен қауіпсіздік жағдайын қайтарудың жалғыз жолы лаңкестікпен күрес және жаппай сайлау өткізу мақсатындағы ұлттық келісімге қол жеткізу үшін Сирияның өзара келіссөздеріне ерекше мән беру болып табылады»,- деп мәлімдеді.
Иранның Жоғары Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Али Шамхани сенбі күні кешке Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллим мен Сирия президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Али Мамлукпен Теһранда өткен кездесуі кезінде: «Сирияның жалғыз заңды үкіметін әлсіздендіру мен бұл елдің жерін лаңкестік топтарға немесе шетелдік басқыншылардың қарамағына беруді көздейтін кез-келген саяси бағыт Сирия халқының мүдделеріне қайшы. Аймақ елдері үшін төніп тұрған қауіп әрі сәтсіздікке ұшырайтын әрекет болып табылады»,- деп айтты.
Шамхани қарулы топтардың келіссөз жүргізуге қайта мүдделік танытып, атысты тоқтату бітімі шарттарын қабылдауын іс жүзіндегі жеңістердің, әсіресе стратегиялық маңызы бар Алеппо қаласын азат етудегі жемісі деп атап: «Лаңкестердің өз міндеттемелерін орындамауы мен атысты тоқтату келісімін бұзуына байланысты, қарулы топтардың келісімге келу мақсатында берік болуының жалғыз кепілі әскери күш-қуатты сақтау мен олардың әрекеттеріне үстемдік ету болып табылады»,- деді.
Али Мамлук пен Валид әл-Муаллим өз кезегінде: «ДАИШ, ан-Носрат майданы мен оларға қатысты басқа да лаңкестік топтармен күрес саяси жолдарды қадағалаумен қатар жалғаса бермек. Сирия үкіметі мен халқы лаңкестердің бөлініп, бұл ел аймағында орналасуы немесе олардың әскери басқыншылығының жалғасуына жол бермейді»,- деді.