"Машһад-2017" – әлемге Разави мәдениетін тарату бағытындағы үлкен әрекет
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі "Машһад-2017" оқиғасының басталуын бүкіл әлемге Разави мәдениетін тарату бағытындағы үлкен әрекет деп атады.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран ислам республикасының Мәдениет және исламдық бағдар министрі Реза Салехи Әмири дүйсенбі күні "Машһад-2017" символының осы қаладағы тұсаукесу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Машһадтың 2017 жылы ислам әлемінің мәдени астанасы ретінде таңдалуы осы үлкен қаланы әлемге таныстыру бағытындағы ұлы әрекет әрі мұрсат болып табылады.
Діндарлық, руханият және пайғамбар ұрпағының мектебі Машһад қаласы мен имам Реза кесенесінің жанында көрініс табады. Осы мүмкіндікті үздік түрде пайдалану керек» деді.
2006 жылдан бері жыл сайын африкалық, исламдық және араб емес исламдық елдер өңірінен үш мемлекет ислам әлемінің мәдени астанасы ретінде таныстырылады.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымына қарасты Білім, Ғылым және Мәдениет ұйымы 57 ислам елінің мүшелігімен Машһад қаласын 2017 жылғы Азиядағы ислам әлемінің мәдени астанасы ретінде таңдады.