Қаң 03, 2017 11:18 Asia/Almaty
  • Иракқа қатысты майдандық жаңа ақпараттар жарияланды

Ирак полициясы дүйсенбі күні Ирак астанасы Бағдадтың Садр қалашығында орын алған жарылыстағы кісі өлімінің 33 адамға артқанын хабарлады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирактың қауіпсіздік дереккөздері бұдан бұрын Бағдадтың шығысындағы Садр қалашығында жарылғыш заттар орнатылған көлік жарылысында көз жұмғандардың санын 17 адам, шамамен 50 адам жараланды деп мәлімдеген болатын.

Сондай- ақ ДАИШ лаңкестік тобының осыдан бұрын азат етілген Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласының шығысындағы әл- Тамим аймағына жасаған зымырандық шабуылында 18 әскери емес азамат қаза болып, 5 кісі жараланды.

Ирактың халықтық ерікті күштері өз мәлімдемесінде лаңкестердің Наджаф және Кербела облыстарында іс- қимылдар жасауға ұмтылысының залалсыздандырғанына сілтеме жасап, "әл- Нахиб" аймағынан Кербела мен Наджаф облыстарына кірмек болған лаңкестермен шайқасқанын мәлімдеді.

Ирактың халықтық ерікті күштерінің лаңкестермен шайқасуының нәтижесінде 6 лаңкестің көзі жойылып, бірнеше лаңкес жараланды.

Жексенбі күні де Наджаф облысының "Ғадесие" аймағында бомба орнатылған көлік жарылысынан 6 адам қаза болып, 20- дан астам кісі жараланды. Жараланғандардың басым көпшілігі әскери емес азаматтар.

 

 

Тегтер