Қаң 03, 2017 15:22 Asia/Almaty
  • Иранның Ішкі істер министрі: Барлығымыз заңды сайлау өткізуге талпыныс жасауымыз керек

Иранның Ішкі істер министрі исламдық республика жүйсенде сайлаудың халық пен заңның қолдауына ие екендігіне тоқталып, баршаның алдағы сайлауды адал бәсекелестік кеңістігінде және ақыл мен заңға сай өткізуге талпыныс жасауы керектігін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Ішкі істер министрі Абдреза Рахмани Фазли дүйсенбі күні Иранның облыс әкімдерімен өткізген отырысында: «Сайлау негіздері біз үшін үлкен мақтаныш, сондықтан халықты  үміт пен жақсы көңіл-күйден айырмай, алдағы президенттік сайлауды  сындарлы өткізуге талпынуымыз керек»,- деді.

Иранның Ішкі істер министрі Ислам революциясы жетекшісінің сайлау өткізу туралы сөздеріне тоқталып: «Діни жетекшімен кездескенімізде ол кісі  сайлауды өткен кезеңдердегідей қауіпсіз жағдайда және толығымен заңға сай әрі халықтың жаппай қатысуымен өткізу қажеттігін қуаттады»,- деді. Рахмани Фазли сонымен бірге Иранда тұрақты қауіпсіздіктің орнатылғанын қуаттап: «Қазіргі жағдайда Иранның қауіпсіздігі аймақта үлгі боларлық дәрежеде. Елде қолайлы жағдай қалыптасқан»,- деп мәлімдеді.

Иранның  12-ші президенттік сайлауы  және қалалық, ауылдық исламдық кеңестердің 5-ші сайлауы хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1396-шы жылдың урдибехешт айының жиырма тоғызы күні өтеді.

 

 

 

 

Тегтер